Қару – үлкен жауапкершілік: полиция қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

    Қару – үлкен жауапкершілік: полиция қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

    Заңсыз аңшылық пен балық аулау фактілерінің алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ертіс өзенінің жағасында азаматтық қаруды пайдалану қағидаларын бұзу дерегін анықтады.

    Тексеру барысында ер адамның өз атына тіркелген аңшылық қаруын оқталған және қаптамасыз күйде алып жүргені белгілі болды. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу болып табылады.

    – Жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.

    Полиция қару иелеріне қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау қағидаларын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары