ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

    Құрметті азаматтар, жеке кәсіпкерлер, медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері!

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің құрылымына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 695 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

    Қайта ұйымдастыру нәтижесінде жекелеген аумақтық бөлімшелер құрылды:

    🔹 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитетінің;

    🔹 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің.

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

    Мемлекеттік органдардың құрылымына өзгерістер енгізілуіне байланысты азаматтардан, жеке кәсіпкерлерден, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдерінен өтініштер беру және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде аталған өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

    Мемлекеттік органды таңдау кезінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі мен өтініштің мәнін басшылыққа алу қажет:

    🔹 медициналық қызметтерді (көмекті) көрсетуге қатысты мәселелер бойынша — Медициналық бақылау комитеті;

    🔹 фармацевтикалық қызметке және дәрілік заттардың айналымына қатысты мәселелер бойынша — Фармация комитеті.

    ⚠️ МАҢЫЗДЫ!

    Өтініш берген кезде департаментті облыстар бойынша дұрыс таңдау қажет.

    Мемлекеттік органды дұрыс таңдамау қайта өтініш беруге немесе өтінішті тиісті государственный органға қайта жолдауға қажеттілік туындатуы мүмкін.

    Осы ақпаратты назарға алып, мемлекеттік қызметтерге жүгіну кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен одан әрі өзара іс-қимыл жасау барысында енгізілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары