Қазақстаннан — жаһандық бастамаға

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазақстаннан — жаһандық бастамаға

    Қазақстан экологиялық жауапкершілік пен волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілетіп келеді. 2026 жылдың БҰҰ аясында Халықаралық волонтерлер жылы болып жариялануы — еріктіліктің қоғам мен қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды рөлін айқындайтын мүмкіндік. Бұл үдерісте жастардың орны ерекше. «Таза Қазақстан» — бір күндік акция емес, туған жерге жанашырлықты күнделікті әдетке айналдыратын ортақ құндылық. Ауладан басталған тазалық, отырғызылған әр көшет, табиғатқа ұқыпты қарау — үлкен өзгеріске бастайтын нақты қадам. Қазақстанның 22 сәуірді халықаралық көгалдандыру күні ретінде белгілеу жөніндегі бастамасы да әлемдік қауымдастықты табиғатты қалпына келтіру мен жасыл болашақ жолында күш біріктіруге үндейді. Таза орта. Жауапты қоғам. Белсенді ұрпақ. Үлкен өзгеріс әрқайсымыздан басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары