Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center-де ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері, Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері, сала ардагерлері және әріптестер қатысты.
Салтанатты шарада СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтау сөз сөйлеп, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі және денсаулығын қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, мамандарға жауапты әрі маңызды еңбегі үшін алғысын білдірді.
Іс-шараның негізгі бөлігі марапаттау рәсіміне арналды. Кәсіби шеберлігі, адал еңбегі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін сала мамандары мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
«Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен 1 маман, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен 1 маман марапатталды. СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен 7 маман, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен 1 маман, Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен 2 маман марапатталды. Сонымен қатар 6 маман Комитет төрағасы — ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Құттықтау сөз сөйлегендердің қатарында «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының СҚО бойынша директоры Қайырғали Исенeeв те болды.
Сала ардагерлері Татьяна Горлова мен Петр Петушков әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық және еңбектеріне табыс тіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні — еңбегі күнделікті көзге көріне бермесе де, аурулардың алдын алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын сақтауға елеулі үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдіретін ерекше күн.