БОКСТАН 12 ЖЫЛДАН КЕЙІН – АЛТЫН, ЕРКІН КҮРЕСТЕН – ҚОЛА

    БОКСТАН 12 ЖЫЛДАН КЕЙІН – АЛТЫН, ЕРКІН КҮРЕСТЕН – ҚОЛА

    Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласының спортшылары ел қоржынына кезекті екі жүлдені салды.

    Бокстан 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен әлем чемпионы Төрехан Сабырхан финалда Иордания өкілі Зейад Ишаишпен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Шымкенттік боксшы жарыс барысында үш қарсыласын да айқын басымдықпен жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

    Төрехан Сабырханның жарыстағы нәтижесі:

    • 1/8 финал – Мохаммед Дбичи (Қатар), 5:0
    • 1/4 финал – Әли Касим Хамдан Әл-Сарай (Ирак), 1-раундта нокаут
    • 1/2 финал – Шавкатжан Болтаев (Өзбекстан), 5:0
    • Финал – Зейад Ишаиш (Иордания), 5:0.Осылайша Төрехан Сабырхан Қазақстан құрамасының Азиададағы оныншы алтын жүлдесін қоржынға салды. Қазақстан боксшылары бұған дейін Азия ойындарында алтын жүлдені 2014 жылы Инчхонда иеленген болатын.

    Ал еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақта Шымкент қаласының спортшысы Начын Куулар қола жүлде үшін Солтүстік Корея өкілі Ким Кван Жимен кездесті. Тартысты белдесуде есеп бойынша есе жіберіп тұрған Начын Куулар жекпе-жектің шешуші сәтінде басымдық танытып, қарсыласын 7:5 есебімен жеңді.

    Осылайша шымкенттік спортшылар Аичи-Нагоя төріндегі ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын абыроймен қорғап, бір алтын және бір қола жүлдеге қол жеткізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының әкімдігі" жаңалықтары