САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ІШКІ КӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ІШКІ КӨШЕЛЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Сарыағаш ауданында елді мекендердің ішкі көшелерін жөндеу және автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жібек жолы елді мекенінің көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстары бойынша жауапты бөлім басшысы Қанат Тұрсынбаевқа және мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарын бекітілген жобалық құжаттамаға, техникалық талаптар мен қолданыстағы нормаларға сәйкес орындауды тапсырды. Сонымен қатар, аудан басшысы жол жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді міндеттеді.

    Жібек жолы елді мекеніне қарасты Ұлан көшесіне жөндеу жұмыстарын «Андас груп» ЖШС жүзеге асыруда. Жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы – 1,1 шақырым. Қазіргі таңда нысанда жол негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары