САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОННЫҢ ЖАҢА БЕЙНЕСІ ҚАЛЫПТАСУДА

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОННЫҢ ЖАҢА БЕЙНЕСІ ҚАЛЫПТАСУДА

    Сарыағаш қаласындағы орталық стадионда спорт нысанын жаңғыртуға бағытталған құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Нысанды жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғындардың спортпен айналысуына арналған мүмкіндіктер кеңейіп, заманауи талаптарға сай жағдай жасалмақ.

    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев орталық стадионға барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Жұмыс алаңын аралау барысында нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынына назар аударып, жауапты тұлғалармен бірқатар мәселелерді пысықтады. Аудан басшысы нысандағы жұмыстарды белгіленген кестеден кешіктірмей, сапалы әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.

    Орталық стадионның күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын мердігер «ВИБО-Строй» ЖШС жүзеге асыруда. Бүгінде нысанда құрылыс жұмыстарының бірнеше бағыты қатар атқарылуда. Футбол алаңына газон төсеу жұмыстары жүргізілсе, әкімшілік ғимараттардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұған қоса, стадион аумағын жаңарту бойынша жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен орындалуда.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары