Қазақстан халықаралық форумда статистика саласын дамыту тәжірибесімен бөлісті

    Қазақстан халықаралық форумда статистика саласын дамыту тәжірибесімен бөлісті

    1-2 қазанда Ереван қаласында ТМД Статистикалық комитеті мен Армения Республикасының Статистикалық комитеті бірлесіп ұйымдастырған «Статистикадағы жаңа әдістер мен технологиялар» атты IV Халықаралық статистикалық форумы өтті.

    Форум жұмысына ұлттық статистика қызметтерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысты. Қатысушылар заманауи статистиканы дамыту, деректер сапасын арттыру, әкімшілік тіркелімдер мен үлкен деректерді пайдалану, сондай-ақ ресми статистикаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

    Тақырыптық сессиялар барысында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы статистика саласын цифрлық трансформациялау және заманауи технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

    Ұсынылған бағыттар ұлттық статистика қызметтері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Форум барысында ресми статистиканы одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

    Форумға қатысу Бюроға Қазақстанның статистика саласындағы цифрлық трансформация бағытындағы тәжірибесін таныстыруға, сондай-ақ деректер сапасын арттыру және статистикалық қызметке заманауи әдістер мен технологияларды енгізу мәселелері бойынша шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы" жаңалықтары