
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маяқұм ауыл округінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекеннің көркін жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілік барысында Ауылдағы ардагерлер саябағы,көшелер мен жол бойы қоқыстан тазартылып, саябақтағы орындықтар қасбеттерін сырлап, талдар әктелді, саябақ ішіндегі тазалығы ретке келтірілді.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар ауыл тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне оң ықпал етеді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.









