
Сауран ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және қоғамдық аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан бойынша 500 адам қатысып, тазалық жұмыстарына 9 арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыс барысында елді мекендердегі көшелер, қоғамдық орындар мен іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, жалпы 19 тонна тұрмыстық қалдық арнайы орындарға шығарылды.
Санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары аудан аумағында белгіленген жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындарға қолайлы қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған.
#ТазаҚазақстан








