
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Күздібаевпен кездесті. Кездесуде тұрғын үй құрылысының қазіргі ахуалы, аумақтарды кешенді дамыту және алдағы уақытта жоспарланған жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын оны одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында өңір басшысы өңір тұрғын үй құрылысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
– Киелі Түркістан өңіріне қош келдіңіздер! Тұрғын үй құрылысы – Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі. Осы бағытта «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен бірлескен жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі кездесуде атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралап, алдағы кезеңдегі бірлескен жоспарларды талқылаймыз. Түркістан облысындағы тұрғын үй саласының дамуы мен өркендеуіне «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ атынан қосқан елеулі үлесіңіз және көрсеткен қолдауыңыз үшін сізге шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы.
Түркістан облысы құрылғаннан бері өңірде жалпы 873 тұрғын үй 25 078 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның облигациялық қарыздар есебінен 91 млрд теңгеге 230 тұрғын үй, яғни 10 707 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар биыл облыс әкімдігі тарапынан 75 млрд теңгеге жалпы 248 мың шаршы метр құрайтын 156 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандарды биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал 2027 жылы Түркістан қаласында кредиттік 48 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 129,2 мың шаршы метр болатын 2 378 пәтер пайдалануға беріледі деп көзделген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі









