
«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
2026 жылғы 19 қазанда шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа 2014 жылғы 30 қазандағы №113 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Тасымалдаушылар Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады.
Тендерді ұйымдастырушының мекенжайы:
Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 5 қабат, № 510 кабинет.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2026 жылғы 19 қазан сағат 12:00-ға дейін
Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу 2026 жылғы 19 қазан сағат 15:00-де Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, №501 кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі.
Тендерлік құжаттамалар пакеті «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (http://www.transportvko.gov.kz) сайтында орналастырылған.
Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквизиттері:
«Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
070004, РК, ШҚО, Өскемен қ,
Қазақстан к., 59/1
БИН 050340003330
ИИК KZ48070102KSN1801000
Қосымша ақпараттар: -
Анықтама үшін телефондар: 8 (7232) 701-695, 701-698



