
Елімізде техникалық және кәсіби білімге басымдық берілуде. Экономиканың кез-келген саласы техникалық мамандықсыз жүзеге аспайтындығы белгілі.Жұмысшы мамандықтардың алатын орны ерекше.Еліміздің дамуына орасан зор үлес қосып жүрген жұмысшы мамандықтар. Жұмысшы мамандықтарын қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Ауданымыздажұмысшы мамандықтар бойынша білім беру сапасын арттыру, жастарды кәсіптік бағдарлау және еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандарды даярлау жұмыстары жүргізіліп, техникалық және кәсіптік білім беру саласы дамып келеді.Бұл мамандықтар қазіргі заманғы өндіріс пен қызмет көрсету саласында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан, бұл мамандықтарды меңгерген жастар үшін болашақта зор мүмкіндік бар.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында.Экономиканы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру, қазақстандық құндылықтарды нығайту жолында жасалып жатқан шаралардың барлығы - жастардың кемел болашағына бағытталған. Б ілімді, бәсекеге қабілетті жастарымыз көп болсын . Еліміздің қарыштап дамуына өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатындарына, еліміздің іргесін нық қалайтын зияткер ұрпақ болады деген сенімдіміз.
Ауданымыздыңкәсіптік білім беру оқу орындарына техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін нығайту мен еңбек нарығы үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған жұмыстарға табыс тілейміз.









