Ашық есік күні өтті

    Ашық есік күні өтті

    АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

    Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.

    Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды.

    Ашық есік күніне адвокат, заңгер және сот орындаушы қатысып, азаматтарды толғандырған бірқатар мәселелерді талқылады.

    Атап айтқанда, мұрагерлік, алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдарын білуіне мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары