Қоғалы ауылында асық атудан ашық біріншілік өтті

    Қоғалы ауылында Қарттар күніне орай ұлттық спортты насихаттау және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында асық атудан ашық біріншілік ұйымдастырылды.

    Спорттық іс-шараға Қоғалы ауылының және аудан командалары қатысып, ұлттық ойынымыз – «Асық атудан» өзара бақ сынасты. Қатысушылар шеберліктерін көрсетіп, дәлдік пен ептіліктен сынға түсті.

    Жарыстың негізгі мақсаты – қарт адамдарды бағалау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыру.

    Аталған іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спорттық бәсекелестікпен қатар, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға өз үлесін қосты

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары