
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Атырау облыстық мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысына қатынасты.
Күн тәртібімен негізінен 4 мәселе қаралды. Атап өту керек, төртінші - №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қызметалушыға қатысты мәселе – Атырау облысы бойынша өкілдің ұсынысына сәйкес енгізілгенді. Сондықтан отырыс кезінде осы №4 орталықтың басшысының баяндамасы тыңдалды.
Ескере кететін жағдай, осы орталықтың қызметалушы 1 топ мүгедегі А.Ч. атты азамат мекеменің қызмет көрсету сапасына қанағаттанбайтындығы туралы әлеуметтік желіге пост/видео шығарған болатын. Сол бойынша өкілдік қызметкерлері мен Сарапшылар кеңесі мүшелері, ҰАТ қатысушылары, Атырау облыстық және қалалық маслихаты депутаттары, қоғам белсенділері бар құраммен біріккен мониторинг жүргізілген болатын. Соның қорытындысымен аймақтық өкіл Амангелді Абдолов Сараптамалық кеңес отырысына арнайы мәселе ретінде шығарып, кеңінен талқыланған болатын.
Комиссияда тыңдалған №4 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысының баяндамасында мониторинг жүргізген кездегі анықтлған кемшіліктерді жою және оларды шешу мақсатында нақты жұмыстар жүргізілені қаперге берілді.
Жалпы кезекті комиссия отырысында бұдан басқа мүгедектәгә бар адамдарға медициналық көмек пен оңалтудың қолжетімділігі, олардың құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрмыс сапасын жақсарту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі проблемалар кеңінен қарастырылды.









