Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

1 қазанда Қазақстанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
Бұл күн аға буын өкілдеріне, олардың өмірлік тәжірибесіне, даналығы мен көпжылдық еңбегіне арналған. Бұл — туған ауылы мен ауданының игілігі үшін ұзақ жылдар бойы еңбек еткен жандарға алғыс пен құрмет сөздерін білдірудің тамаша мүмкіндігі.
Осы мерекелік күні Чистопол ауылдық округінің әкімі В.Н. Руденкин бұрын Чистопол ауылдық округі әкімінің аппаратында жұмыс істеген аға буын тұрғындарын құттықтады.
Ол ардагерлерге көпжылдық адал еңбектері мен ауылдық округтің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақ-береке, көңіл жылуын, сергектік және мүмкіндігінше көп шуақты да қуанышты күндер тіледі.
Әрбір күн жақындардың ықыласы мен қамқорлығына, құрметке және игі оқиғаларға толы болсын!








