
«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» өңірлік дебат турнирі Солтүстік Қазақстан облысында «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдар арасында өңірлік дебат турнирі өтті. Турнирдің тақырыбы — «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Дебат тыңдаулары қазақ тілінде өтіп, өңірдегі әртүрлі мемлекеттік органдардың командаларын біріктірді. Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Петропавл қ. бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бірлескен командасы шешендік өнердің, сыни тұрғыдан ойлаудың және құқықтық эрудицияның жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда мүшелерін лайықты нәтижесімен құттықтаймыз және алдағы уақытта кәсіби табыстар тілейміз!









