
1 қазан – Қарттар күніне орай Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылындағы тойханада «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Мерекелік шара барысында ардақты қарияларға арнайы дастархан жайылып, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетілді.Қарағаш ауылдық округінің әкімі Ғ.Ж. Қаратаев қазыналы қарттарды мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Шара барысында қариялар ән айтып, өз өнерлерін ортаға салып, ақ дастарханнан дәм татты. Сонымен қатар мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер мен әсерлі өнер көрсетілімдері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында ардақты қариялар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Қариясы бар ел – қазыналы ел.
Үлкенге құрмет көрсету – ұрпаққа үлгі, елге өнеге!








