Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 22 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.
    Халық Кеңесі - Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган. Оның негізгі міндеті - мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға консультативтік тұрғыдан қатысу және жалпыұлттық диалогты ұйымдастыру. Кеңес Құрылтайға заң жобаларын ұсынуға және республикалық референдум өткізу туралы бастама көтеруге құқылы.
    Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесі мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің, сарапшылар ортасы мен азаматтық қоғам ұйымдарының бас қосатын бірегей жалпыұлттық байланыс алаңы болуы тиіс екенін атап өткен еді.
    Батыс Қазақстан облысынан Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына 2 азамат енді. Олар:
    Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәслихаттар қызметінің жетілдірілуіне зор үлес қосып келе жатқан тәжірибелі басшы.
    Қоспаева Шолпан Насиболлақызы – Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Кәсіпкер, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Облысымызда қоғам игілігі жолындағы белсенді қызмет жаршысы.
    Облысымыздың атынан еліміздің ең жоғары консультативтік органына сайланған жерлестерімізге артылған сенім – өңіріміз үшін үлкен мәртебе.
    Жаңақала аудандық мәслихаты бұл тарихи шешімді толық қолдайды және Халық Кеңесінің еліміздің бірлігі мен дамуына бағытталған жұмысына сәттілік тілейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары