Мемлекеттік қызметшілер арасындағы дебат турнирі

    Мемлекеттік қызметшілер арасындағы дебат турнирі

    Жітіқара ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер арасында дебат турнирі өтті. Алты команда - «Адалдық», «Парасат», «Әділет», «Ақиқат», «Бірлік», «Точка зрения» үздік атағы үшін күресті.

    Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өз ұстанымдарын білдірді және дәлелді түрде қорғады.

    Барлық қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлау, өз пікірін дәлелдеу, өз ұстанымын қорғау қабілеттерін көрсете алды. Бұл дағдылардың барлығы әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысында өте маңызды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жітіқара ауданының әкімдігі" жаңалықтары