Алматының Түрксіб ауданында инфрақұрылым қалай жаңарып жатыр

    Алматының Түрксіб ауданында инфрақұрылым қалай жаңарып жатыр

    Түрксіб ауданында инженерлік және жол инфрақұрылымын ауқымды жаңарту жұмысы жалғасып жатыр. Биыл ауданда ұзындығы 192,4 шақырым сумен жабдықтау желісі, 89,1 шақырым су бұру желісі мен бес кәріздік сорғы станциясы бойынша құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Дамир Әкежанов іске асып жатқан осы жобалар туралы айтып берді.

    2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ауданда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім байқалды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 41,9%-ға өсіп, 221,6 млрд теңгеге жеткен. Негізгі капиталға салынған инвестиция 10%-ға артып, 209,5 млрд теңгеге жетті. Құрылыс жұмысының көлемі 23,3%-ға өсіп, 65,5 млрд теңгені құрады. Бөлшек сауда көлемі 481,7 млрд теңгеге жетіп, 1,6%-ға өсті, салық түсімі 15%-ға артып, 212,9 млрд теңгеге жетіп отыр.

    Көрсеткіштің өсуіне құрылыс жұмысының қарқынды жүргізілуі, инженерлік және жол инфрақұрылымының кеңеюі, көп пәтерлі тұрғын үйлердің жаңа нысандарының іске қосылуы, шағын және орта бизнестің дамуы, сондай-ақ аудан аумағын абаттандыру жұмысы әсер етті.

    Тұрғындарды сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету негізгі бағыттың бірі болып қала береді. Қазіргі уақытта Ақан сері, Шолохов пен Сейфуллин көшесінің арасындағы аумақта желі салып, Нұршашқан шағын ауданының инфрақұрылыммен қамтылмаған учаскелеріне желі тартып, сондай-ақ Рысқұлов, Жансүгіров, Сейфуллин мен Шолохов көшесінің арасындағы аумақта үш жоба жүзеге асып жатыр.

    Алдағы уақытта тағы екі жоба қолға алынады. Біріншісі «Шығыс қақпасы» жобасы аясында Қайрат шағын ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілер салуды көздейді. Екіншісі Сүйінбай, Рысқұлов, Шемякин мен Бекмаханов көшесі арасындағы аумақта, сондай-ақ СМУ кенті мен Красногорская көшесінде желілердің жобасын әзірлеуге қатысты.

    «Аталған жобаларды іске асыру аудан тұрғындарын сапалы сумен және кәріз қызметімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл шараларды кешенді түрде жүзеге асыру электрмен жабдықтаудың сенімділігін айтарлықтай арттырып, көшелерді жарықтандыру сапасын жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аудан түнгі уақытта айтарлықтай жарық, заманауи әрі қауіпсіз бола түседі», – деді Дамир Әкежанов.

    Сонымен қатар Нұршашқан шағын ауданында электр желісін жаңғырту жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Сүйінбай даңғылы бойындағы үйлерді электрмен жабдықтау мен «Шығыс қақпасы» жобасы аясында қуаты 110 кВ қосалқы станция желісін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

    Жыл басынан бері ауданның жарықтандырылуы толық емес 30 көшесіне жарық жүргізілді. 2 мыңнан астам бағана сырланды, ал «Желтоқсан» саябағы мен «Шұғыла» мен «Сейфуллин» алаңқайында 750 шам бағаны ауыстырылды. Бұдан бөлек, 45,4 шақырым кабель қалпына келтіріліп, 625 бағана орнатылып, сыртқы жарықтандыру жүйесінің 83 басқару шкафы жөнделді.

    Жылумен жабдықтау саласында да ауқымды жұмыс қолға алынды. Тамыз айында Староэле¬ваторская көшесіндегі қазандықты реконструкциялау аяқталды. Қайрат шағына уданында «Шығыс қақпасы» жобасының көппәтерлі тұрғын үйлері үшін ұзындығы 4,3 шақырым магистральдық газбен жабдықтау желілері салынуда.

    Екі учаскеде жалпы ұзындығы 8,1 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылып жатыр: Наманганская көшесінен Монтажная көшесіне дейінгі 4,6 шақырымдық және Сейфуллин көшесінен Котельников көшесіне дейінгі 3,5 шақырымдық учаскелер.

    Қыркүйек айында «Жұлдыз» қазандығын реконструкциялау басталды. Сонымен қатар аудандағы жеті қазандықты, оның ішінде №84 мектептің, сондай-ақ Станкевич, Бекмаханова, Дунентаев, Волочаевская мен Таштитов көшесіндегі қазандықты реконструкциялауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуға жақын.

    Бұдан бөлек, «Шығыс қақпасы» жобасы аясында қуаты 190 Гкал болатын қазандықты реконструкциялау жобасы әзірленуде.

    «Биыл тамыз айында Староэле¬ваторская көшесіндегі қазандықты реконструкциялау аяқталды. Қыркүйек айында „Жұлдыз“ қазандығын реконструкциялау басталды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жылумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысы қамтамасыз етіліп, олардың тиімділігі мен жүктемелерге төзімділігі артады. Сондай-ақ жылыту кезеңінде тұрғындарды жылумен тұрақты әрі уақтылы қамтамасыз етуге жағдай жасалады», – деді аудан әкімі.

    Басым бағыттардың бірі – жол инфрақұрылымы. Есепті кезеңде ауданда екі магистральдық көшеде ұзындығы 2 шақырым болатын техникалық тротуарлар салу аяқталып, 200 жылжымалы люк орнатылды.

    Қазіргі уақытта 12 көшеде жалпы ұзындығы 13,2 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіп, 30 мың шаршы метр асфальт жамылғысына шұңқырлы жөндеу жұмысын жүргізу мен тоғыз көшеде 8,6 шақырым тротуар салу жұмысы аяқталуға жақын.

    Сондай-ақ Қайрат шағын ауданынан Талғар трактісіне дейінгі ұзындығы 4,3 шақырым Хмельницкий көшесін тесіп жатыр. Жобаны іске асыру үшін 101 жер учаскесінің 94-і сатып алынды. Қалған жеті учаске бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары