Целиноград ауданындағы Қараөткел ауылында «Прокурор сағаты» өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Целиноград ауданындағы Қараөткел ауылында «Прокурор сағаты» өтті

    30.09.2026 жылы Целиноград ауданының прокуратурасы Қараөткел ауылындағы IT-лицейде «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында 300 оқушыны қамтыған «Прокурор сағаты» профилактикалық іс-шарасын өткізді.

    Кездесу өмірлік жағдайларды талқылауға негізделген ашық диалог форматында өтті. Арнайы әзірленген кейстер арқылы оқушылар буллинг пен кибербуллинг, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады.

    Оқушылар пікірталасқа белсенді қатысып, түрлі жағдайларды шешудің өз нұсқаларын ұсынды. Сондай-ақ өз құқықтарын қорғау және көмекке жүгіну жолдары бойынша түсіндірмелер алды.

    Сонымен қатар, сыныптарда заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу және жауапты мінез-құлық мәселелеріне арналған «Прокурор сағаты» сабақтары өткізілді.

    Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары