Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын күз – 2026» фестивалі өтті

    Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын күз – 2026» фестивалі өтті

    Бүгін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Халықаралық қарттар күніне орай «Алтын күз – 2026» фестивалі өтті. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады.

    Фестивальге Медеу ауданының зейнеткерлері, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары мен олардың отбасы мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

    Қонақтарға арналған түрлі тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, көрме қойылды. Негізгі сахнада шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, құттықтау сөздер айтылды. Мерекелік бағдарлама музыкалық нөмірлермен толықты.

    Аудан әкімдігінің мәліметінше, фестивальдің негізгі мақсаты – аға буынға қолдау көрсету, егде жастағы адамдарды қаланың мәдени, шығармашылық, спорттық және қоғамдық өміріне белсенді араластыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары