"Алакөл ауданының Жағатал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Қарттар күніне орай Жағатал ауылдық округінің әкімі ауылдың ардагерлері мен зейнеткерлерінің қатысуымен «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындармен еркін форматта пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері тыңдалды. Округ әкімі аға буын өкілдерінің қоғамдағы орнына ерекше тоқталып, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі жас ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында қарттарға құрмет көрсетіліп, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілектер айтылды.









