Қарттар күніне — құрметпен және жылулықпен

    Қарттар күніне — құрметпен және жылулықпен

    1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Бұл күн — аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, алғыс білдіретін, оларға көңіл бөліп, қамқорлық танытатын ерекше күн.

    Осы күні Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департамент ұжымы аға буын өкілдерін құттықтап, олардың өмірлік тәжірибесіне, еңбегіне, даналығына және қоғамның дамуына қосқан үлесіне алғысын білдірді.

    Әр адам үшін өзіне деген көңіл мен қамқорлықты сезіну маңызды. Сондықтан осындай кездесулер мен құттықтаулар — жақсы көңіл күй сыйлап, жылы лебіз білдіруге және аға буынның өмірлік тәжірибесі мен даналығының қаншалықты құнды екенін тағы бір мәрте атап өтуге мүмкіндік береді.

    Барша аға буын өкілдеріне зор денсаулық, жан жылуын, амандық пен бақ-береке, жақындарының ықыласы мен қамқорлығын, әр күннің қуанышы мен шаттығын тілейміз!

    Өткенге құрметпен қарап, бүгінді бағалаймыз, болашаққа қамқорлықпен қараймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары