1 қазан – Халықаралық қарттар күні

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 қазан – Халықаралық қарттар күні

    Үшарал ауылдық округінің Үшарал ауылының мәдениет үйінде "1 қазан – Халықаралық қарттар күніне" орай ауылымызда ардақты ата-әжелерге құрмет көрсету мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
    Іс-шара барысында ауылымыздың қазыналы қарттарына ізгі тілектер айтылып, олардың өмірлік тәжірибесі мен кейінгі ұрпаққа берер тәрбиесі ерекше атап өтілді. Қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында әндер шырқалып, билер орындалып, түрлі қызықты бағдарламалар ұсынылды.
    Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалды аталарға арнайы құттықтаулар айтылып, округ әкімінің "Алғыс хаты" табысталды. Шара барысында қарттарымыз өздерінің ақ баталарын беріп, жастарға өнегелі әңгімелерімен бөлісті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары