Алға ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында дебат өтті

    Алға ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында дебат өтті

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Алға ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс дебаты өтті.

    Зияткерлік сайысқа ауданның 20 мемлекеттік қызметшісі қатысып, өзара пікір алмасты. Қатысушылар өздерінің шешендік қабілеттері мен сыни ойлау дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді.

    Дебатқа Алға ауданы әкімінің орынбасары Б. Кангужин, Алға ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) басшысы А. Шабенова және «Algas’qy» қоғамдық қорының құрылтайшысы Т. Мирманов қазылық етті.

    Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы диплом, кубок және медальдармен марапатталды.

    Бұл сияқты пікірсайыстар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейі мен тұлғалық дамуын арттыруға, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізуіне зор мүмкіндік береді.

    #ADGS_Debat2026

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алға ауданы әкімдігі" жаңалықтары