1 / 4
Қысқы маусым қарсаңында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері жол полициясы инспекторларымен бірлесіп, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара барысында алыс жолға шығатын жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ автокөліктерді қысқы жағдайға дайындау және қысқы шиналарды пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды.
Жүргізушілерге суық мезгілде қауіпсіз жол жүруге қатысты ақпараттық жадынамалар таратылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









