
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессия отырысына қатысты. Кезектен тыс сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты.
Кезектен тыс сессия отырысын аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді қарау тәртібін таныстырды. Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
Алдымен «2026-2028 жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімге өзгерістер енгізу мәселесі бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов баяндама жасап, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен олардың негізгі бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар қала және ауылдық округ әкімдері өздері басқаратын аумақтардың бюджеттеріне қатысты ақпарат берді.
Келесі мәселе Заң мен тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов баяндамасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мәслихат депутаттары өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, бірқатар сауалдар қойды. Талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша жауаптар беріліп, тиісті ұсыныстар назарға алынды. Жиын соңында қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия отырысын қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев мәслихат депутаттарына белсенді қатысып, өзекті мәселелерді талқылауға үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









