Астанадағы жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары 400 тоннадан астам өнім жеткізеді

    Астанадағы жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары 400 тоннадан астам өнім жеткізеді

    Алдағы демалыс күндері, яғни 3 және 4 қазанда елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Астанаға өз өнімдерін Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тауар өндірушілері жеткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

    Шығыс Қазақстан облысының фермерлері сауда сөрелеріне ет, сүт өнімдері, балық, бал және ара шаруашылығы өнімдері, өсімдік майы, жарма, шұжық өнімдері, қымыз, ұлттық тағамдар және басқа да 50-ден астам түрлі тауар ұсынады.

    Ақтөбе облысынан жәрмеңкеге 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен өңдеуші кәсіпорын, сондай-ақ өңірдің 12 ауданынан фермерлер қатысады.

    Екі облыстан елордаға барлығы 400 тоннадан астам түрлі өнім жеткізіледі.
    Жәрмеңке дәстүрлі түрде Қарқаралы көшесі, 1 мекенжайындағы ипподром аумағында өтеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары