
2026 жылдың 29 қыркүйек күні Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау комиссиясының мүшелері ережеге сәйкес ұсынылған материалдарды жан-жақты зерделеп, белгіленген бағалау талаптары негізінде сараптады. Қорытынды нәтижесі бойынша байқаудың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайтын жеңімпаз анықталды.
Байқауға қатысқан әдіскерлерге алғыс білдіріп, кәсіби ізденістеріне шығармашылық табыс тілейміз! Ал жеңімпазымызға облыстық кезеңде сәттілік пен жеңіс тілейміз!









