Астанада ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша семинар басталды

    Астанада ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша семинар басталды

    29 қыркүйекте Астанада ядролық төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша семинар өз жұмысын бастады. Іс-шара 2026 жылғы 1 қазанға дейін жалғасады. Семинар Қазақстан-Америка ынтымақтастығы аясында өткізіледі.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ведомстволық ұйымдарының өкілдері қатысуда.

    Бірінші күні қатысушылар радиациялық аварияларға ден қою кезінде рөлдер мен міндеттерді бөлу, ұлттық ден қою жүйесінің жұмыс істеуі, сондай-ақ ядролық және радиациялық авариялық жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

    Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың төтенше жағдайлар туындаған кездегі өзара іс-қимылына, сондай-ақ ядролық және радиациялық оқиғаларға ден қою саласындағы практикалық тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

    Іс-шара барысында АҚШ-тың практикалық тәжірибесі, оқу-жаттығуларды өткізу тәсілдері және ядролық энергетика объектілеріндегі төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» РММ" жаңалықтары