Жаңашылдықты серік еткен ұстаз

    Жаңашылдықты серік еткен ұстаз

    Ұстаздық — үнемі ізденісті, жаңаруды және заман ағымымен бірге дамуды талап ететін мамандық. Бүгінгі мұғалім білім беріп қана қоймай, оқушының қызығушылығын түсініп, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білуі керек.

    Осындай жаңашыл педагогтердің бірі — Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Қисыкова Амангүл Зиякажыовна.

    12 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне белсенді енгізіп келеді. Амангүл Зиякажыовна — BilimClass және Bilim Group амбассадоры. Ол цифрлық құралдарды меңгеріп қана қоймай, олардың мүмкіндіктерін әріптестерімен бөлісіп, кәсіби тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырады.

    Педагог үшін технология — жай ғана жаңалық емес. Бұл оқушымен тиімді байланыс орнатуға, кері байланысты жедел алуға және сабақты қызықты әрі түсінікті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрал.

    «Қазіргі оқушы көп нәрсеге қызығады, ақпаратты тез қабылдайды. Сондықтан мұғалім де бір орында тоқтап қалмай, үнемі ізденуі керек. Жаңа нәрсені үйрену арқылы біз оқушымызды жақсырақ түсіне бастаймыз», — дейді Амангүл Зиякажыовна.

    2026 жылы ұстаз Астана қаласында өткен Bilim Group компаниясының 15 жылдығына және Ұстаздар күніне арналған іс-шараға қатысып, заманауи білім беру бағыттарымен танысып, әріптестерімен тәжірибе алмасты.

    Оның ұстаздық ұстанымы — оқушыға білім берумен қатар, өзің де үнемі үйрену. Себебі жақсы мұғалім шәкіртіне тек білім беріп қана қоймай, жаңалыққа ұмтылудың үлгісін де көрсете алады.

    Ұстаздар күні қарсаңында білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген барша педагогтерге шығармашылық ізденіс, кәсіби табыс және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары