Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХХІV сессиясы 2026 жылдың қазан айының 1 күні сағат 10-00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары туралы.
Хабарламашы: Б.Муса – мәслихат аппаратының басшысы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Н.Мендешов








