
8 қыркүйек күні «Әлеуметтік мәселелер мен гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс» жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті.
Комиссия отырысын «Әлеуметтік мәселелер мен гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Абденов жүргізді.
Отырыстың күн тәртібіне сай Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Қаратөбе аудандық мансап орталығының 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарылған жұмыстары туралы есептері тындалды. Сонымен қатар, «Қаратөбе ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысының, соның ішінде «Қауіпсіз өңір» жобасының орындалуы туралы» аудан әкімінің орынбасары Ғ.Газиевтің және «Қаратөбе ауданы бойынша 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы индикаторларға қол жеткізу мақсатында Қаратөбе аудан әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің міндеттерін және қызметтерін бағалау кретерий туралы» аудандық полиция бөлімінің қызмет жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі С.Жасталапов баяндама жасады.







