
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі қызметкерлеріне ақпараттық платформамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған оқыту ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға ақпараттық платформаның негізгі мүмкіндіктері таныстырылып, оның функционалдық құралдарын пайдалану тәртібі мен қызметтік жұмыста тиімді қолдану жолдары түсіндірілді.
Оқыту барысында қызметкерлер платформаның негізгі функцияларын тәжірибе жүзінде меңгеріп, жұмыс барысында кездесетін түрлі жағдайларды талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Ақпараттық кездесу қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, заманауи ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануға және қызметтік міндеттерді орындау сапасын арттыруға бағытталды.








