2026 жылғы 29 қыркүйекте Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында тұрақты комиссия төрағасы Жанна Балтабайқызы Бекенованың төрағалығымен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырысқа Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Викторовна Топорова, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ауданның ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Отырыс барысында тұрақты комиссиялар 2026 жылға арналған аудандық бюджетке, сондай-ақ Благовещенка, Қайранкөл, Первомай және Преснов ауылдық округтерінің бюджеттеріне енгізілетін нақтылауларға қатысты мәселелерді қарады.
Аталған мәселелер бойынша депутаттар тиісті баяндамаларды тыңдап, ұсынылып отырған өзгерістерді талқылады. Олар бюджет қаражатын тиімді әрі нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ бюджеттерде көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруға бағытталған.
Отырыс соңында депутаттар ауандық жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу мәселесін қарады.
Нәтижесінде барлық қаралған мәселелер Жамбыл ауданы мәслихатының сессиясының қарауына және бекітуіне жолданды.







