Зеренді ауданындағы медициналық пункттер жаңартылуда

    Зеренді ауданындағы медициналық пункттер жаңартылуда

    Ауданның ауылдық елді мекендерінде медициналық нысандарды күрделі жөндеуден өткізу бойынша жүйелі жұмыс басталды.
    Алғашқы нәтиже де бар — Алексеевка ауылында күрделі жөндеуден кейін фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Енді 1 500-ге жуық тұрғыны бар ауыл тұрғындары үшін медициналық көмек қолжетімді әрі қолайлы бола түсті.
    Бұл — жұмыстың басы ғана. Қызылтан ауылында халыққа медициналық көмек көрсету үшін бұрын сатып алынған медициналық пунктке күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
    Келесі нысан — Қонысбай ауылы. Мұнда жақын уақытта медициналық пунктті жаңарту жоспарлануда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Зеренді ауданының әкімдігі" жаңалықтары