Аяқ киімді таңдағанда не білу қажет?

    Аяқ киімді таңдағанда не білу қажет?

    Аяқ киім сатып алғанда біз көбіне оның сыртқы келбеті мен бағасына ғана назар аударамыз. Дегенмен, аяқ киімді таңдауға өте жауапкершілікпен қарау керек: біз киетін аяқ киімнің сапасына денсаулығымыз тікелей байланысты.

    Қауіпсіз әрі сапалы аяқ киімді таңдауға көмектесетін негізгі ұсыныстар осылар. Аяқ киім сатып алғанда мыналарға назар аударыңыз:

    - Үстіңгі, астарлық және астыңғы бөлігінің материалалы. Өнімнің тегшесінде немесе жапсырмасында пайдаланылған материалдардың түрі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Өңделмеген тігістерді немесе, мысалы, бәтеңкенің «тілін» тексеріп көріңіз: табиғи материал түкті және ұстағанда жұмсақ болады. Сапалы аяқ киімнің түсі біркелкі әрі қанық болуы керек, дақтар мен іздер болмауы тиіс. Аяқ киім алғаш ұстағанда қолдың терісін боямауы керек.

    - Иісі. Сапалы аяқ киімде химиялық заттардың, еріткіштердің немесе желімнің өткір жағымсыз иісі болмайды. Одан жеңіл иіс шығады (мысалы, табиғи былғарының иісі) немесе мүлдем иісі болмайды. Өткір химиялық иіс төмен сапаны ғана емес, сонымен бірге денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін екенін білдіреді.

    - Табаны. Сапалы аяқ киімнің табаны жұмсақ әрі иілгіш болады. Аяқ киімді қолыңызға алып, тұмсығын өкшесіне жақындатып бүгіңіз: сапалы өнімнің табаны оңай иіледі, содан кейін онда қатпарлар мен жарықтар қалмайды. Қысқы аяқ киімнің табанында (мысалы, полиуретаннан жасалған) тайғанамау үшін терең өрнекті (бұдырлы) беті болуы тиіс.

    - Ішкі өңделуі мен ұлтарақтар. Арзан аяқ киімде жиі қолданылатын жасанды материалдар (былғары алмастырғыштар және ұлтарақтың астындағы поролон) ауа өткізбейді. Сапалы үлгілерде ұлтарақтар былғарыдан немесе басқа сенімді, ауа өткізетін материалдардан жасалады. Олар тегіс, кемшіліксіз болуы және кептіру үшін оңай алынуы керек. Ішкі тігістері ұқыпты әрі тегіс болуы тиіс.

    - Таңбалануы. Өнімдегі, ярлықтағы, қаптамадағы немесе парақша-қосымшадағы ақпарат шынайы әрі оңай оқылатын болуы тиіс. Міндетті таңбалауға мыналар кіреді: өнімнің атауы мен өлшемі; шикізат құрамы; дайындаушы елдің атауы; дайындаушының, сатушының немесе уәкілетті тұлғаның атауы мен заңды мекенжайы; тауар белгісі (бар болса); Кеден одағына (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімнің бірыңғай айналым белгісі; дайындалған күні және партия нөмірі (қажет болған жағдайда); дайындаушының кепілдік міндеттемелері.

    Қосымша мыналар көрсетіледі: өнімнің моделі және/немесе артикулы, материалдардың түрлері (үстіңгі, астарлық, астыңғы) және күтім жасау жөніндегі нұсқаулық (қажет болған жағдайда).

    - Сәйкестік құжаттары. Сіз сатушыдан аяқ киімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты талап етуге құқылысыз. Аяқ киім үшін мұндай құжат сәйкестік декларациясы болып табылады.

    Осы қарапайым ұсыныстарды сақтау сізге әдемі ғана емес, сонымен бірге денсаулыққа қауіпсіз тауарды сатып алуға көмектеседі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары