
2026 жылғы 29 қыркүйекте аудан әкімдігі ғимаратында қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Отырыс барысында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және олардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Келесі бағыттарға ерекше назар аударылды:

бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды өтеп жүрген адамдарды, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды жұмысқа тарту кезінде үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды жұмысқа тарту;

салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік бейімдеу мақсатында азаматтардың аталған санатын спорттық іс-шараларға тарту;

пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың алдын алу;

есепте тұрған адамдар арасында құқық бұзушылықтар мен әлеуметтік қолайсыздықтардың алдын алу;

есепте тұрған адамдармен жұмыс жүргізуде үкіметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жандандыру.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, пробация қызметінің, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт ұйымдарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.