«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Отбасын қолдау орталығының мамандары қорғаншылық және қамқоршылық бөлімімен бірлесіп, сүйемелдеуде тұрған отбасына барды.
Бару барысында баланың тұрмыс жағдайы зерделеніп, заңды өкілімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.
Отбасын сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және бақылауда тұр. Мұндай барулардың негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және көмекке мұқтаж отбасыларға уақтылы әлеуметтік қолдау көрсету.









