«112 - Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін» кеңейту

    «112 - Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін» кеңейту

    «112-БКДҚ» жүйесін дамыту — алға жасалған маңызды қадам

    2018 жылы Қызылорда облысында республикада алғашқылардың бірі болып «112-БКДҚ» пилоттық жобасы іске қосылды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық облыстарда бірыңғай «112» шұғыл қызмет нөмірі енгізілуде.

    Бүгінде «112-БКДҚ» жүйесі Қызылорда облысының барлық аумағынан қоңырауларды қабылдайды. Бұған дейін шұғыл шақырулар тек Қызылорда қаласының аумағында қабылданатын. Осылайша, жүйенің кеңейтілуі облыстың барлық аумағынан азаматтардың өтініштерін қабылдаудың бірыңғай тетігін қамтамасыз етіп, шұғыл көмекке қолжетімділікті арттырды.

    Биыл жергілікті бюджеттен «112-БКДҚ» жүйесін кеңейтуге және жаңғыртуға қаражат бөлінді. Жүргізілген жұмыстар аясында Департаментте және оның барлық бөлімшелерінде жабдықтар мен телефон аппараттары жаңартылып, «Көмек-112» жаңа бағдарламалық қамтылымы енгізілді, сондай-ақ оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа сервер орнатылды.

    Сонымен қатар, барлық жедел шығу техникасына GPS-трекерлер орнатылды. Олар оқиға орнына жіберілген техниканың орналасқан жері мен қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл диспетчерлерге жедел топтардың қозғалысын бақылауға және төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Қазіргі уақытта жүйені одан әрі кеңейту және бағдарламалық қамтылымды жаңарту жұмыстары жалғасуда.

    «112-БКДҚ» жүйесін дамыту — шұғыл ден қою тиімділігін арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және заманауи цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы алға жасалған маңызды қадам.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары