
Рудный қалалық сотының шешімімен сотталған азаматқа тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Сотталған азамат пробациялық бақылау талаптарын жүйелі түрде бұзып, барлығы 4 тәртіп бұзушылыққа жол берген. Атап айтқанда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, пробация қызметіне дәлелді себепсіз бірнеше рет келмеген, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке кіріспеген және сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты жерінде болмаған.
Осыған байланысты пробация қызметінің ұсынысы сотпен қанағаттандырылып, азамат 1 жыл 2 ай 6 күн мерзімге орташа қауіпсіздік мекемесіне жазасын өтеуге жіберілді.







