Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Қостанай қаласының пробация қызметімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жалпы 180 сотталған тұлға тексеріспен қамтылды.
Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қолданылған электрондық бақылау құралдарының жұмыс істеу жағдайы тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша «Цифрлық пробация» мобильді қосымшасында тиісті тексеру актілері толтырылды
Қостанай қаласы ПБ аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында полиция департаментінің, Ұлттық ұланның, қылмыстық-атқару жүйесінің және пробация қызметінің жеке құрамының саптық жиыны өткізілді.
Ұқсас материалдар

Ерте қаржыландыру: 1 қазаннан бастап «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша шаруалардан өтінім қабылдау басталады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
«Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасыАшу
«Ақ желкен-2026» математикалық регатасы өтті
Бөрлі ауданының білім беру бөліміАшу
Жыр жаттаудың 5 пайдасы
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасыАшу
Бөрлі ауданының кітап оқу амбассадоры марапатталды
Бөрлі ауданының білім беру бөліміАшу
"Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары

Рудный қалалық сотының шешімімен сотталған азаматқа тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сотталған азамат пробациялық бақылау талаптарын жүйелі түрде бұзып, барлығы 4 тәртіп бұзушылыққа жол берген.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖДАшуостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Арқалық қаласындағы №41 мекемесінде сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында киберфутболдан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысып, виртуалды футбол алаңында өзара бақ сынасты. Қатысушылар ойын барысында ептілік пен шапшаңдық танытып, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Тартысты өткен турнир барысында қатысушылар арасында өзара сыйластық пен салауатты бәсекелестік қалыптасты. Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖДАшу
ҚАЖ департаментінің №39 мекемесі қызметкерлері «Жітіқара ауданының Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖДАшу
Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №41 мекемесінің ұжымы жұмыстан тыс уақытта Арқалық қазақ жасөспірімдер театрына барып, «Жұт» спектаклін тамашалады.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖДАшу
Рудный қалалық соты сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бірнеше рет бұзғаны үшін жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖДАшу