
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қостанай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Б.З. Кудесованың төрағалығымен офлайн және онлайн форматтарда кеңес өтті.
Іс-шараға Қостанай облыстық сотының, Қостанай облысының Полиция департаментінің, Қостанай облысының Адвокаттар алқасының, сондай-ақ заң консультанттары палаталарының өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы — адвокаттар мен заң консультанттарының «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесіне беретін өтініштерін тек ЕРДР және «Төрелік» ақпараттық жүйелері арқылы, «Қолмен енгізу» функциясын пайдаланбай қабылдауды қамтамасыз ету мәселесі болды.
Кеңес барысында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде өтініштердің қайтарылуы мен қабылданбауының себептері, тергеушілер мен судьялардың қаулыларды шығару кезінде жіберетін процестік және техникалық қателерді жою жолдары, электрондық табельдерді дұрыс толтыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері жан-жақты талқыланды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі








