Cеминар өткізді

    Cеминар өткізді

    2026 жылғы 28 қыркүйекте «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова Қазтұтыну одағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің 1-курс студенттеріне арналған семинар өткізді.

    Семинар барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың басты нормалары айтылды.

    Сондай-ақ спикер ұсақ құқық бұзушылықтардың өзіне кешіріммен қарамау неліктен маңызды екенін, сыбайлас жемқорлық үшін қандай жазалар қарастырылғанын және жастардың қоғамды адал әрі әділ етуге қалай үлес қоса алатынын түсіндірді.

    Кездесу соңында лектор студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өмірден және жұмыс тәжірибесінен түсінікті мысалдар келтірді.

    Мұндай кездесулер студенттерге заңдарды жақсырақ түсінуге, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол бермеуге көмектеседі.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары