МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ӘДЕП МӘДЕНИЕТІ – БАСТЫ НАЗАРДА

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫ МЕН ӘДЕП МӘДЕНИЕТІ – БАСТЫ НАЗАРДА

    Ойыл ауданы әкімі аппаратының кезекті жиналысында аудандағы барлық мемлекеттік органдардың басшыларына , округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларына Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы, әлеуметтік желілердегі жауапкершілігі, кәсіпкерлік қызметке қатысты шектеулер және мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдалану мәселелеріне тоқталдым. Жиында жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті күшейту қажеттігін атап өттім. Әрбір мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті мемлекеттік аппараттың беделіне тікелей әсер етеді. Сондықтан басшыларға ұжымда әдеп мәдениетін қалыптастыруда жеке үлгі көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттігін жеткіздім.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары