Павлодарлық Дарья Мельник WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатында жүлдеге ие болды!

    Павлодарлық Дарья Мельник WorldSkills Shanghai 2026 әлем чемпионатында жүлдеге ие болды!

    Жоғары ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Дарья Мельник WorldSkills Shanghai 2026 жұмысшы мамандықтар бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, «Өнеркәсіптік дизайн» құзыреттілігі бойынша Medallion for Excellence — «Кәсіби шеберлік медаліне» ие болды.

    Жоғары бәсекелестік жағдайында Дарья Бразилия, Сауд Арабиясы және Жапония өкілдерімен бақ сынады. Оның қарсыластары қатарында жетекші оқу орындарының студенттерімен бірге ірі технологиялық компаниялардың мамандары да болды. Атап айтқанда, Жапония атынан әлемге әйгілі Canon корпорациясының инженері қатысты.

    Үш күн ішінде қатысушылар квадрокоптердің дизайнын әзірлеудің толық циклінен өтті: алғашқы концептуалдық эскиздерден бастап 3D-модель жасау, 3D-принтер арқылы макет шығару, сондай-ақ презентациялық материалдар мен постерлер дайындауға дейінгі тапсырмаларды орындады.

    Чемпионат қорытындысы бойынша Дарья Қазақстан ұлттық құрамасының марапатқа ие болған сегіз өкілінің қатарына енді.

    Дарьяны әлем чемпионатына Жоғары ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы, халықаралық сарапшы Борис Вячеславович Григорьев дайындады.

    WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатына әлемнің 70-тен астам елінен 1400-ден астам қатысушы жиналды. Байқау 64 құзыреттілік бойынша өтті. Қазақстан құрамасы 31 құзыреттілік бойынша 33 қатысушыдан құралды.

    Чемпионат қорытындысында Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз марапатқа ие болды: бір қола медаль, алты кәсіби шеберлік медалі және Best of Nation марапаты.

    Дарья Мельникті, оның тәлімгерін, Жоғары ақпараттық технологиялар колледжінің ұжымын және Қазақстан ұлттық құрамасын әлемдік додадағы лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз!

    Дарьяның жетістігі — еңбектің, кәсіби дайындықтың және тәлімгерлік қолдаудың нәтижесі. Бұл нәтиже қазақстандық жастардың жоғары әлеуетін және техникалық әрі кәсіптік білім беруді жүйелі дамытудың маңыздылығын көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары