Облыс прокуратурасы құны 6,9 млрд теңге болатын Burabay Milk ЖШС сүт зауытын салып жатқан инвестордың құқығын қорғады.
Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде нысанда су беру тоқтатылған. Бұл жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіріп, инвестициялық жобаның тоқтап қалу қаупін туғызған.
Осыған байланысты инвестор туындаған мәселені шешуге көмек сұрап жүгінген. Мәселе Ақмола облысының прокуратурасының бақылауына алынып, жұмыс Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен жүргізілді.
Прокуратура жауапты ұйымдармен тиісті жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде нысанға су беру сол күні қалпына келтіріліп, инвестор құрылыс жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік алды.
«Burabay Milk» ЖШС жобасы жылына 9 мың тоннадан астам сүт өнімдерін өндіретін заманауи зауыт салуды көздейді.
Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылып, бюджетке жыл сайын шамамен 942 млн теңге салық түсімі түседі деп күтілуде. Зауытты іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
Қазіргі уақытта жоба Ақмола облысының прокуратурасының сүйемелдеуінде. Жұмыс жобаның іске асырылуына кедергі келтіруі және кәсіпорынның іске қосылу мерзіміне әсер етуі мүмкін мәселелерді уақытылы анықтап, шешуге бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы 6,9 млрд теңгелік инвестициялық жобаның тоқтап қалуына жол бермеді
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Бокстағы триумф, семсерлесу, академиялық есу мен таеквондодағы тарихи жүлделер, жалпы есепте +3 орын - Қазақстан Азиаданы қалай аяқтады?
ҚР ТСМАшу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Ашу
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Ақтөбе облысында жаңбыр, қар және қатты жел күтіледі
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
Қарттар күніне орай облыс әкімі Асхат Шахаров еңбек ардагерлерінің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.
Хромтау ауданы әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары

Азамат Дүйсембеков Орталық Азия заң форумында инвесторларды қорғаудың жаңа тетіктерін таныстырды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуАлматы прокуроры Серік Кәріпбеков индустриялдық аймақ инвесторларымен кездесті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуЖамбыл облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестор үшін 3 жер учаскесіне қатысты шарт жасалды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мектептер мен балабақша құрылысы жобаларын іске асырып жатқан инвестордың мәселелерін жұмысқа алды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Комитетте Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу